RU

Оралда мектеп мұғалімінен ашық туберкулез анықталды

Оралдағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәні мұғалімінен ашық туберкулез анықталған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: korresspondent.net
Фото: korresspondent.net: UGC
"Науқас оқу жылының басында медициналық тексерістен, осы жылдың тамыз айында флюорографиядан өткен.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, науқастың жұмыс орны мен мекен-жайы бойынша эпидемиологиялық тексеріс жүргізілген, сондай-ақ, оның байланыс ортасы анықталған.
Енді барлық орындарда қорытынды инфекциядан тазарту жұмыстары өтеді. Науқастың барлық таныстары медициналық бақылауға алынған. Ал азамат ауруханаға жатқызылды",- деді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпұсынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762794-oralda-mektep-mgaliminen-asyk-tuberkulez-anyktaldy.html