RU
"Мен ешкімді тастаған жоқпын": Кішкенбаев ел алдында өзінің ажырасқанын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мен ешкімді тастаған жоқпын": Кішкенбаев ел алдында өзінің ажырасқанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін өзінің ажырасып кеткені жайлы ел алдында жақ ашпаған Алмас Кішкенбаев шаңырағының шайқалғанын мәлім етті. Әнші әйелімен хабарласпаса да, қыздарымен байланысын үзбеген деп жазады Тимур Балымбетовтың "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші отбасындағы кикілжіңнен кейін әлі күнге өзіне келе алмай жүргенін айтып берді.

"Қазір жүрегімде не болып жатқанын өзім білмеймін. Дәл сол сәтте ары қалай өмір сүретінімді білмедім. Менде оларсыз (ред: әйелі мен қыздары) қалай өмір сүремін деген сұрақ пайда болды. Ол сұрақтың жауабын таба аламын ба, білмеймін", - деді ағынан жарылған әнші.

Алайда Кішкенбаев жұбайы Мөлдірмен не үшін ажырасқанын айтпады.

"Бір айтарым бар. Мен ешкімді тастап кеткен жоқпын. Мен ешкімнің соңынан да кеткен жоқпын. Мен ешкімді іздемеймін. Қазір әрі қарай қалай өмір сүру керектігін іздеп жүрмін", - деп сөзін аяқтады Алмас Кішкенбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаевтың ішімдікке салынып кеткенін мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Кішкенбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
1
28
2
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel