RU
Павлодар облысында түрмеден қашқан тұтқын ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында түрмеден қашқан тұтқын ұсталды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында осыдан бір апта бұрын түрмеден қашып кеткен тұтқын ұсталды. Қолға түскен сәтте өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Myslo

Фото:Myslo

Ер адам Шідерті кентіндегі АП-162/10 түзеу мекемесінен қашып кеткен.

Ол адам өміріне байқаусызда қауіп төндіріп, өлім қаупін тудырғаны үшін жазасын өтеп жатқан.

Полиция мәліметінше, жазасын өтеушіні Ақсу ауылындағы пәтерлердің бірінен тапқан.

Ер адамды ұстамақ болған сәтте ол өзіне қол жұмсаған.

Оның қазіргі жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel