RU
Қазақстандық ару "Голос" шоуынан соң Меладзенің тобына қабылданды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақстандық ару "Голос" шоуынан соң Меладзенің тобына қабылданды (видео)

Рассказать Вконтакте

30 жастағы қазақстандық Маржан Мақышева "Голос" байқауына қатысып, ресейлі продюсер Константин Меладзенің тобына қабылданды деп жазады NUR.KZ.

Маржан Мақышева. Фото:Видеодан кадр

Маржан Мақышева. Фото:Видеодан кадр

Қазақстандық ару Рианнаның "Love On The Brain" әнін орындаған. Орындаушының кім екенін біле алмайтын қазылар алқасының үшеуі Маржанға дауыс беріпті.

Ток-шоудың бұл кезеңінде Меладзе мен Василий Вакуленко (Баста), рок-орындаушы Сергей Шнуров әділ қазылар алқасы болған.

Қазақстандық арудың орындауына рэпер мен продюсер бірдей бұрылған.

"Бұл өте керемет ән болды. Орындаушы әнді жүрекке жеткізе білді. Сен өте әдемісің. Әнің де керемет", - деп өз ойын білдірді Василий Вакуленко.

Меладзеге Маржанның ән орындау ерекшелігі ұнап, қазақстандық аруды өз құрамасына шақырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel