RU
Cыныптастарының сөзінен шаршаған бойжеткен 64 келіге арықтап кетті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Cыныптастарының сөзінен шаршаған бойжеткен 64 келіге арықтап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Австралиялық Джози Десгранд сыныптастарының үздіксіз келемежінен соң 64 келі салмақ тастаған. 16 жасында 127 келі болған бойжеткен бүгінгі таңда адам танымастай өзгеріп кеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:life.ru

Фото:life.ru

Артық салмағы үшін тіпті жанында досы болмағанын айтқан ару, өзі армандаған мүсінге қол жеткізу үшін екі жыл бойы жаттығу залынан шықпаған.

"Мен өзімді жек көретінмін. Менің досым да жоқ болды. Сондықтан серуендеуге де шықпайтынмын", - деді Джози.

Бойжеткен мектеп бітіру кешінде өзі армандаған көйлекті кию үшін, дұрыс тамақтануға көшкен.

Фото:life.ru

Фото:life.ru

"Екі жыл бойы түрлі қиындыққа жолықтым. Бірақ кедергілерге қарамастан, артық салмағымнан арылуға тырыстым. Ешқашан еңселеріңізді түсірмеңіздер. Өз армандарыңызға қол жеткізу үшін тоқтамай жұмыс істеу керек", - деді Джози Десгранд.

Айта кетейік, бүгінде 18 жасқа толған бойжеткен өзінің жеке парақшасын жүргізеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel