RU
"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы өртті 40-тан аса адам сөндірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы өртті 40-тан аса адам сөндірген

Рассказать Вконтакте

10 қазан күні Қарағанды облысына қарасты "АрселорМиттал Теміртау" комбинатында өрт шықты. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар комитеті

Фото: Төтенше жағдайлар комитеті

Өрт шыққаны туралы ақпарат 19.53 шамасында хабарланған. Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәліметтері бойынша, кәсіпорында үш құбыр жарылып, конверторлық цехтің қабырғасы зақымданып, газ құбыры үзіліпті.

Төтенше жағдайлар комитеті

Төтенше жағдайлар комитеті

Өрт 22.21-де сөндіріліп, комбинат қызметкерлері газ құбырындағы газды өшірген. Оқиға орнына төтенше жағдай бөлімі және "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамның 41 адамы мен 10 арнайы көлігі жұмылдырылд. Өрт сөндірушілер газ құбырын салқындатқан.

Оқиға орнында жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Үш адам медициналық көмек алған, алайда ауруханаға барудан бас тартқан. Қуанышқа орай жапа шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше өрттің салдарынан Теміртауда өрт шапағы байқалған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel