RU
"Қайраттың" бұрынғы бапкері Аршавинге арнап жазба қалдырды
Жаңалықтар Спорт

"Қайраттың" бұрынғы бапкері Аршавинге арнап жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

Алматылық "Қайрат" футбол клубының бұрынғы бапкері Карлос Алос Феррер өзінің Instagram парақшасына Андрей Аршавинге арналған жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Испан жаттықтырушысы "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысына алматылық клубтағы соңғы ойын алдында сәттілік тілеген.

"Сенің бапкерің болу маған жақсы әсер сыйлады. Сенің алаң сыртындағы өміріңнің жаңа тарауында бар жақсылықтары тілеймін", - деп жазған ол Аршавинге.

Естеріңізге сала кетсек, 37 жастағы ресейлік легионер Андрей Аршавин өзі өнер көрстіп жүрген "Қайрат" футбол клубынан кететін болды. Оның соңғы ойыны бүгін, яғни 11 қараша күні өтпекші.

Айта кетерлігі, жақында ғана футболшының Алматыдағы Көк базарда жылқы етінің бағасыын қазақ тілінде сұрағаны туралы жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel