RU

Калифорниядағы алапат өрттен қаза болғандар саны 25 адамға жетті

Калифорниядағы орман өртінен қаза болғандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы РБК-Украина сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

AP/SCANPIX/LETA
Фото:AP/SCANPIX/LETA: UGC

Солтүстік Калифорниядағы Бьютт штатында құтқарушылар тағы 14 адамның мәйітін тапқан.

Калифорниядағы алапат өрттің құрбандарының саны 25 адамға жеткен. Материалдық шығындар өсіп жатыр.

Вестерн жанрындағы Голливуд фильмдерін түсіретін танымал павильон да өртке ораныпты.

Естеріңізге сала кетейік, өрт сегізінші қараша күні таңертең басталған болатын. Құрғақ ауа-райы мен күшті желдің салдарынан өрт жылдам тарала бастаған. 200 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762893-kaliforniadagy-alapat-rtten-kaza-bolgandar-sany-25-adamga-zetti.html