RU
Илья қатыспаған Әлем чемпионатында қазақстандықтар алтынсыз қалды

Илья қатыспаған Әлем чемпионатында қазақстандықтар алтынсыз қалды

Рассказать Вконтакте

Түрікменстан астанасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл додада 13-ші орынға орналасты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

wfrk.kz

Фото:wfrk.kz

Биылғы жылы жеңіс тұғырына Қытай, Таиланд және Иран құрамалары шықты. Қазақстандық ауыр атлеттер күміс және қола медальдер еншілеген.

Арли Чонтей 55 келіге дейінгі салмақта күміс алса, 71 келі салмақта Надежда Лихачева қола жүлдені қанағат тұтты.

102 келі салмақта танымал ауыр атлет Илья Ильинді алмастырған Александр Зайчиков тоғызыншы орынға орналасты.

Өкінішке орай, Илья Ильин денсаулығына байланысты Ашхабадтағы әлем чемпионатында өнер көрсете алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильин бұрын да омыртқасының қатты ауыратынын айтқан болатын, дегенмен әлем чемпионатына қатысуға өтініш берген болатын.

Одан кейінгі талдама нәтижелері спортшының денсаулығында басқа да қиындықтар туындағанын көрсеткеннен кейін Ильин чемпионатқа қатыса алмайтынын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
11
0
0
2
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel