RU

"Конор жезөкше болып қала бермек": Хабибтің менеджері Макгрегор туралы пікірін білдірді

Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Әзиз YouTube видеохостингіндегі спорттық арналардың біріне берген сұқбатында Макгрегор жайында еш қысылмастан, пікірін ашық айтты. Бұл туралы Eurosport сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Stephen McCarthy / Sportsfile / Getty Images
Фото:Stephen McCarthy / Sportsfile / Getty Images: UGC

Абдель-Әзиз Макгрегордың жекпе-жекті ұйымдастыру барысында да бірнеше рет Хабибке және оның отбасына тіл тигізгенін есіне алды.

"Маған және отбасыма тіл тигізгені үшін Макгрегордың мұрнын бұзғым келеді. Хабиб одан кек қайтарды, ал мен үлгермедім. Промоушен жағынан Макгрегор ойынды өзгертті, бірақ ол сол күйі жезөкше болып қала бермек", - деді менеджер.

Сонымен қатар, ол жекпе-жектен ирландық спортшының тірі шыққаны төрешінің арқасы екенін айтып өтті. Әзиздің сөздеріне сенсек, Макгрегор UFC-ке досы Артем Лобовтың арқасында ғана келіпті.

Оның ойынша Макгрегор да, Мейвезер де өздерін күрескер атауға құқылары жоқ екен.

Естеріңізге сала кетейік, Конор Макгрегор ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтан жеңілген болатын. Жекпе-жектің соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762903-konor-zezkse-bolyp-kala-bermek-habibti-menedzeri-makgregor-turaly-pikirin-bildirdi.html