RU
Аршавин қоштасу матчын 0:0 есебімен аяқтады (видео)
Жаңалықтар Спорт

Аршавин қоштасу матчын 0:0 есебімен аяқтады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қоштасу матчын қосалқы ойыншылар орнынан бастаған Андрей Аршавин "Қайрат" пен "Шахтер" ойнында гол соға алмады деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Champıonat.com

Фото: Champıonat.com

Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының ақтық ойынында қарағандылық "Шахтерді" қабылдады.

Қонақтарға көбірек ұпай қажет болды, алайда алматылықтар отандық құрамымен ойынды бастап, көп мүмкіндіктерді жоғалтты.

Ойынның екінші жартысында алаңға Адеринсола Эсеола, Андрей Аршавин және Исаэль шықты, алайда олар да жағдайды түзей алмады. Бұл Аршавиннің Қайрат құрамындағы соңғы матчы болды. Алайда, футболшы гол соға алмады.

Нәтижесінде ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша Шахтер мықтылар қатарынан орын алып, Қайратты турнирлік кестеде екінші орынға ығыстырды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel