RU
"Қайраттан" кеткен Аршавин өзінің басты өкінішін айтты
Жаңалықтар Спорт

"Қайраттан" кеткен Аршавин өзінің басты өкінішін айтты

Рассказать Вконтакте

Андрей Аршавин алматылық орталық стадионда қоштасу ойынын өткізіп, жанкүйерлерімен қоштасты. Қайраттан кеткен спортшы сезімдерімен бөлісті деп жазады Prosports.kz.

SPUTNIK/ТИМУР БАТЫРШИН

Фото:SPUTNIK/ТИМУР БАТЫРШИН

Болашақтағы жоспарларымен бөліскен футболшы жуырда мансабын аяқтайтынын, ал әзірге "Қайраттың" футзалдағы ойыншыларымен жаттығуды жалғастыра бергісі келетінін мәлімдеді.

Аршавин оны Қазақстанда қалай қарсы алғанын айтып өтті.

"Алматы да ғана емес, бүкіл Қазақстанда адамдардың жылулығын, қолдауын сездім. Олардың стадионға мені көруге келетіндерін, балалар менің қолымнан ұстағандарына мәз болатынын білетінмін. Командадағы ойыншылармен достық қарым-қатынас орнаттым",- деді футболшы.

Ресейлік легионер екі-үш жылдан кейін қайта Қазақстанға келемін деп ойлайды екен. Ойыншылармен ара-қатынасты үзбеуге тырысатынын айтты.

Сонымен қатар, футболшы "Қайраттан" кетіп бара жатып, өқандай өкініштері барын айтып берді.

"Мен "Қайрат" біріншілікке жетуі үшін сәл жетпей тұрған мүмкіндік едім. Өкінішке қарай, қолымнан келмеді. Екінші орынды "Қайрат" үш жыл бойы менсіз де ала алар еді. Менде өкініш тудыратын тек осы нәрсе", - деді Аршавин.

Аршавин Алматыда өмір сүру ұнағанын, бірақ 28 жыл бойы тұрған туған қаласы Санк-Петербургке оралуды армандап жүргенін жасырмады. Дегенмен, Алматыға қуана келетінін мойындады.

"Дәл қазір мен Исламхан мен Исламбек Қуатты алуға кеңес берер едім. Қайратқа Нарзілдаевты алыңдар деп те айтар едім", - деп Аршавин соңғы кеңестерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада Аршавиннің алматылық "Қайрат" футбол клубындағы соңғы ойыны өтті. Футболшы жанкүйерлерімен қоштасты. Ол мансабын аяқтауды жоспарлап жүр және бас бапкердің кеңестерін де алып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
5
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel