RU

Алматыда тағы бір жүргізуші жолдың қарсы бетімен жүріп, мақтанған

Instagram-да kris_p_Brothers парақшасында тағы бір жүргізуші жолдың қарсы бетімен жүріп, видеосын желіге салып, мақтанған деп жазады NUR.KZ.

kolesa.kz
Фото:kolesa.kz: UGC

Тәртіп бұзушы көлігінің ішінде отырып түсірген бірнеше видеомен әлеуметтік желіде бөліскен. Музыканы қосып, істеген ісіне риза болған бозбала жол-көлік ережелерін бұзып, басқа жүргізушілердің өміріне қатер төндірген.

Видео авторы жүзін көрсетуге ұялмаған.

"Жас көлік жүргізушілері күн өткен сайын ақымақ болып барады", "Неткен ақымақтық!", "Естерің дұрыс па? Алдарыңнан шыққан көліктің ішінде балалар отырса не болады?!", - деп желі қолданушылары ашуларын жасыра алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, полиция бұрын да осындай тәртіп бұзушылық үшін бірнеше жүргізушіні жазалаған болатын. Солардың бірі Әл-Фараби даңғылымен көлік жүргізген Ролан Назар еді. Содан кейін оның "ерлігін" Әкім Қуаныш қайталаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762933-almatyda-tagy-bir-zrgizusi-zoldy-karsy-betimen-zrip-maktangan.html