RU

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды

Астанада өткен сенбіден бастап қазақстандық ұлы спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған көрме өткізілуде. Оған келушілердің саны күн санап көбеюде деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото: Владимир Песня РИА Новости
Денис Тен. Фото: Владимир Песня / РИА Новости: UGC

Астанадағы әйгілі "Mega Silk Way" cауда орталығының екінші қабатына асыққан жандардың қарасы әдеттегіден қалың. Себебі мұнда өткен сенбіден бастап қазақстандық ұлы спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған көрме өтіп жатыр.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Көрмеде спортшының мұз айдынына өнер көрсеткен сәтте киген костюмдерінен бастап, өзі жаттыққан конькиге дейін тұр.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Көрмеге келушілер, сондай-ақ, спортшы өнер көрсеткен байқауларды алып экран арқылы тамашалай алды.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Астаналықтар, әсіресе, спортшының көзі тірі кезінде айтып кеткен ойлары мен пікірлеріне таң қалысып жатты. Олардың айтуынша, Денис өз қатарластарынан әлдеқайда терең ойлы, ересек болған көрінеді.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

"Қабырғадағы жазбаларды көріп, жүрегім сыздады. Қандай ақылды, сабырлы адам болған. Амал нешік, тағдыры солай болды, жатқан жері жайлы болсын", - деді көрмеге келушідердің бірі.
Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Көрмеде Денис Теннің өзі түсірген бірқатар фотосуреттер де көпшілік назарына ұсынылды.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Астаналықтарға, әсіресе көрме ортасында тұрған Денис Тенді еске алу қабырғасы қатты әсер етті. Олар "Денис, сен мәңгілік бізбен біргесің", "Рахмет саған ұлы спортшы" деген пікірлерін жазып жатты.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетерлігі, спортшыны ұлықтауға арналған арнаулы көрме қарашаның 20-сына дейін жалғасатын болады.

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Денис Тенді еске алуға арналған көрмеге астаналықтар лек-легімен ағылды (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762942-denis-tendi-eske-aluga-arnalgan-krmege-astanalyktar-lek-legimen-agyldy.html