RU

Самал Еслямова түскен фильм ресейлік режиссерге бас жүлде сыйлады

Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық фестивальде қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлді сомдаған "Айка" фильмі гран-приге ие болды деп хабарлайды "Хабар 24".

Фото : 360tv.ru
Фото : 360tv.ru: UGC

Кинофестиваль аясында 40 елден келген 190 фильм бас жүлдеге таласқан. Қазақ қызы сомдаған ресейлік режиссердің кинотуындысы сонымен қатар әдліқазылардың арнайы жүлдесін де жеңіп алған.

Германияда "Айка" кионсы екі рет көрсетілген. Самал Еслямова көрермендерді талантымен тәнті еткен. Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге көпшілік жоғары баға берген.

Сергей Дворцевой кезекті жүлдесін алғанына өте қуанышыты екенін жеткізді. "Айка" кинокартинасын түсіретін кезде режиссер Самалдың қырғыз қызы болмағанына қарамастан, оны басты рөлге бекіткенін айтады.

"Мен оған сенімді болдым. Себебі Самал өте талантты", - деп атап өтті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762953-samal-eslamova-tsken-film-resejlik-rezisserge-bas-zlde-syjlady.html