RU

Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

12 қарашада Қазақстанның барлық аумағында қар жауады деп күтілуде. Ал оңтүстік-шығыс аймақта қар қатты жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

rambler.ru
Көрнекі фото: rambler.ru: UGC

Синоптиктердің болжамынша, кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел көтеріліп, жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде.

Солтүстік аймақтарда жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Шығыс аймақтарда тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда синоптиктер жауын-шашын, көктайғақ және күшті жел болады деп болжап отыр.

Батыс Қазақстанның Атырау облысында кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейіп секундына 15-20 метрге жетеді. Дәл осындай ауа райы Маңғыстау облысында да күтілуде.

Таяу күндерге арналған ауа райы болжамын Gismeteo.kz сайтынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762958-djsenbide-kazakstanny-basym-bliginde-kar-zauady.html