RU

Өскеменде қар жауып тұрғанда асфальт төсегендерді жұрт түсінбей дал болды

Өскемен тұрғындағы жапалақтап жауған қалың қарға қарамастан жаңа асфальт төсегендерді видеоға түсіріп алған. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

youtube.com
Көрнекі фото:youtube.com: UGC

Өскемен қаласында Абай даңғылын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол төсеу жұмыстары салынып жатқан жол үсті өткелінен вокзалға дейінгі жүргізіліп жатыр.

Жол бөлігі асфальт төсеу үшін арнайы дайындалған. Жұмысшылар жұмыстарын жүргізуде. Жол төсеушілердің жұмысын жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Басылымның мәліметінше, видеоның түнгі сағат бір шамасында түсірілген.

Естеріңізге сала кетейік, жақында шалшыққа жол төсегендер Қостанай тұрғынының ашуына тиген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762963-skemende-kar-zauyp-trganda-asfalt-tsegenderdi-zrt-tsinbej-dal-boldy.html