RU

Қазақ қызы Үндістандағы сұлулық байқауының жеңімпазы атанды (фото)

"Miss Asia Global Қазақстан" сайысының жеңімпазы Әсем Есенгелдиева Үндістанда өткен халықаралық байқауға қатысып, Miss Asia Global атағына ие болды. Бұл туралы "Vеlada" модельдік агенттіктің PR қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Velada модельдік агенттігі

Байқау қарашаның екісі мен оны аралығында Үндістанның Кочин қаласында өткен. "Miss Asia" атағына 25 елден келген ару таласқан.

Бұл Әсемнің халықаралық деңгейдегі бірінші жеңісі. Сонымен қатар ол "Ең әдемі шаш" номинациясында үздік атанды.

Velada моделдік агентік

Бұл байқау сұлулық әлеміндегі ең беделді сайыс саналады. Байқау 50 жылдан бері өткізіліп келеді.

Әсем жеңімпаз ретінде алған ұтыс сомасының бір бөлігін шұғыл операцияға мұқтаж жергілікті балаларға беруді жөн көрген.

Velada моделдік агентік

Айта кетейік, Әсем Есенгелдиева Абылай атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің үшінші курс студенті. Модельдік бизнеспен айналысады, "Velada" агенттігінде модель болып жұмыс істейді.

Velada моделдік агентік

Бойжеткен "Іле ауданы аруы - 2015" атағын жеңіп алған. Сонымен қатар "Алматы аруы - 2016", "ҚХҚжӘТУ аруы 2017", "75 жылдық аруы", "Парасат аруы -2017", "Топ модель-2017" байқауларына қатысқан. Сондай-ақ, "ТМД аруы-2018" байқауында бірінші вице-аруы атағына ие болған.

Velada моделдік агентік

Әсем "Victoria’s Secret" брендінің моделі атануды армандайды екен. Арманын жүзеге асыру үшін бойжеткен барын салуда.

Ол бос уақытында кітап оқуды ұнатады. Ән салып, садақ атумен әуестенеді. Әртүрлі креативті жобаларға қатысқанды ұнатады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762969-kazak-kyzy-ndistandagy-slulyk-bajkauyny-zeimpazy-atandy-foto.html