RU

Мақпал Жүнісова мен Тоқтар Серіков бидің түбін түсірді

Әлеуметтік желіге таралып кеткен Тоқтар Серіков пен Мақпал Жүнісованың биі оқырмандар арасында қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Бір-бірінен қалыспай билеген қос жұлдыздың тойдағы бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнап қалған.

Айта кетейік, видеоны Тоқтар Серіков Instagram парақшасында жариялаған.

Алайда оқырмандардың пікір жазу мүмкіндігіне шектеу қойып тастапты.

Ал желі қолданушылары пікір жаза алмаса да, аталмыш видеоға бір күнде 120 мыңнан астам лүпіл белгісін басқан.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісова мен Тоқтар Серіковтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762972-makpal-znisova-men-toktar-serikov-bidi-tbin-tsirdi.html