RU

Желіде дабыл белгісін қаққан Эйр Астана ұшағының видеосы пайда болды

Португалияның Беже қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болған Эйр Астананың Embraer 190 ұшағының қонған сәтінен видео жарияланды деп хабарлайды Jornal de Notícias басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

jn.pt
Фото:jn.pt: UGC

Ұшақ апаттық жағдай туралы Лиссабонда хабарлаған. Әуе кемесі 180 шақырым қашықтағы Бежедегі ең жақын әуежайға үш талпыныстан кейін барып қонған.

Embraer 190 ұшағының бортында алты экипаж мүшесі болған. Олар медициналық көмекке жүгінген. Екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Air Astana ұшағы Португалия аспанында дабыл белгісін қаққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762976-zelide-dabyl-belgisin-kakkan-ejr-astana-sagyny-videosy-pajda-boldy.html