Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Ысқақова үйленген еркектерге көз салған әріптестерін сынап тастады

Опубликовано:

Отбасылы ер адаммен көңіл қосып, тұрмысқа шыққан өнер әлемінің қыздарын Жеңіс Ысқақова сынап тастады. Әнші өзінің соңынан ілескен сіңлілеріне өзгенің көз жасына қалып, бақытты бола алмайтынын ескертті. Бұл туралы "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жеңіс Ысқақова, Ақбота Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали. Фото:turkystan.kz, әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Жеңіс Ысқақова, Ақбота Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали. Фото:turkystan.kz, әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: UGC
"Екінші әйел немес тоқал болып кіру бұрыннан бар дүние. Үш адам келісіп, отбасы бұзылмаса түсінікті. Ал енді мен де бақытты болуға лайықтымын деп келіншегі бар жігітке қалай ғашық болуға болады? Ол адам жайлы қалай ойлайды? Біреудің көз жасына қалып, бақытты бола алмайсың", - деді Жеңіс Ысқақова.

Айта кетейік, соңғы екі жыл көлемінде "Кешьюдің" бұрынғы әншілері Ақбота Сейтмағамбет пен Жұлдыз Өмірғали отбасылы азаматтарға тұрмысқа шыққан болатын. Ақбота Дәуреннің жары атанып, бүгінде екінші баласын дүниеге әкелуге дайындалып жүр.

Ал Жұлдыз Өмірғали Айқынға тұрмысқа шыққанын біраз уақыт жасырып келді.

Алайда осы жылы ұлының бір жасын дүркіретіп тойлаған Айқын Жұлдыздың екінші әйелі екенін мойындады.

Дей тұрғанмен Айқын Төлепберген бірінші жұбайын әлі күнге ешкімге қимайтынын да жасырмай айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1762977-zeis-yskakova-jlengen-erkekterge-kz-salgan-riptesterin-synap-tastady/

pixel