RU

13 жасынан бері шашын өсірген әйел мүлде бас жумайтынын мойындады

Англиядағы Брайтон қаласының 32 жастағы тұрғыны шашын тобығына дейін өсіріп, нағыз Рапунцельге айналған. Бірақ Фрэнки Клюни 13 жасынан бері басын жумайтын болған, ал 18 жасында шаш қиюдан мүлде бас тартыпты. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

instagram.com/floorlengthfrankie
Фото:instagram.com/floorlengthfrankie: UGC

Қазір Фрэнки 32 жаста. Ол суретші. Сондықтан оған шаштары шабыт сыйлайды екен. Олардың әрқасында Фрэнки әртүрлі образдар ойлап табады.

Фрэнкидің айтуынша, оның шашы бұдан да ұзын, бірақ ол көптен бері шашын тарамағандықтан, олар біраз ұйысып қалған. Шаш тарауға күнделікті жарты сағат уақыт қажет екен.

Шашын өсіруге суретші әйелді балалар ертегісіндегі тылсым әйел кейіпкерлері шабыттандырған.

"Анамның өнер туралы әдемі кітаптары бар еді. Солардың арқасында прерафаэлиттермен әуестене бастадым. Ондағы қиял әлемдері мен ұзын шаштардың маған қатты әсер еткені сонша, мен су перісіне ұқсағым келді", - дейді суретші әйел.

Фрэнкидің шашы ұзын болғаны соншалық, шашын түю үшін тоқыма бізін қолданады екен. Алайда, бойжеткен анда-санда тарағыны болмаса, шаштарына мүлде күтім жасамайды.

"13 жасқа келгенімде шашым беліме жеткен болатын. Сол кездің өзінде олар қалың, әрі ауыр болатын, сондықтан мен оларды жуғанды ұнатпайтынмын. Осылайша мен оларды мүлде жумаймын деп шештім. Басында бірнеше ай бойы шашым майланып, қышитын", - дейді Фрэнки.

Фрэнкидің анасы қызын шешімін қолдайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762979-13-zasynan-beri-sasyn-sirgen-jel-mlde-bas-zumajtynyn-mojyndady.html