Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншек 19 жыл бірге тұрып жатқан күйеуін "зорлады" деп айыптап отыр

Опубликовано:

Ақтөбе облысында 39 жастағы келіншек өзінің 19 жыл отасқан жұбайының "зорлағанын айтып", арыз жазған. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото:extra.zab.ru
Фото:extra.zab.ru: UGC

Арыз Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Елек полиция бөлімшесіне түскен. 39 жастағы келіншек құқық қорғау мекемесінен көмек сұраған.

Ол жолдасының еркінен тыс төсек қатынасына тартқаны үшін шағым түсіріп, "зорлады" деген айып тағып отыр.

Ерлі-зайыптылар 19 жылдан бері бірге тұрады. Араларында өсіп қалған ортақ бес балалары бар.

Айта кетейік, жиырма жылға жуық уақыт бір шаңырақ астында тұрған жұбайларға соттың қандай шешім шығаратыны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762988-aktbelik-kelinsek-19-zyl-birge-tryp-zatkan-kjeuin-zorlady-dep-ajyptap-otyr/

pixel