RU

Лондонда автобус аялдамаға соқтығысып, 20 адам зардап шекті (фото, видео)

Англия астанасы Лондон қаласында екіқабатты автобус аялдамаға соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан 20 адам зардап шеккен деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ НТВ
Фото: Видеодан кадрлар/ НТВ: UGC

Оқиға 11 қараша күні болған. Артынша автобус жүргізушісінің ішімдік ішіп алғаны анықталды.

"Біз 20 жәбірленушіге көмек көрсетіп, 18-ін ауруханаға жеткіздік", - деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.

Ота жөніндегі директордың айтуынша, зардап шеккендердің барлығында дерлік аздаған жарақаттар ғана бар, алайда ақ халаттыларға бір адамды тікұшақта жедел түрде эвакуациялауға тура келген.

Скотленд-Ярдта ең қатты жарақаттанған 15 жастағы қыз екені айтылған. Қазір жасөспірім ауыр жағдайда жатыр екен.

Сондай-ақ, лондондық полицейлер қоғамдық көліктің алғашында жеңіл автокөлікке, содан кейін автобусқа соқтыққанын, ең соңғысында аялдаманы қағып кеткенін айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762990-londonda-avtobus-aaldamaga-soktygysyp-20-adam-zardap-sekti-foto-video.html