RU

Өздігінен отырып-тұра алмайтын баланың ата-анасы елден жанұшыра көмек сұрауда (фото)

Алты жасар Ермұхаммед Бахытқали ауыр дерт салдарынан өздігінен не жата алмай, не отыра алмайтын күйге жеткен. ДЦП-ның күрделі түрімен сырқаттанған алматылық балақай сал ауруының кесірінен қатарластары сияқты ойнап-жүгіруден қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: жеке мұрағаттан
Фото: жеке мұрағаттан: UGC

Церебралды сал ауруы алты жасар Ермұхаммедтің қимыл-қозғалысына кедергі келтіруде. Балақай өздігінен отырып-тұра алмайды. Дегенмен бүлдіршіннің ата-анасы оның ауыр дертті еңсеріп шығатынына үмітті. Бар уақыты мен қаражатын перзентінің еміне жұмсап жатқан олар бүгінде қиындыққа тап болған.

Фото: жеке мұрағаттан
Фото: жеке мұрағаттан: UGC

Ерлі-зайыптылар басына түскен ауыр жағдайға байланысты көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Астанаға бір айға және Ташкент қаласына екінші мәрте барып ем қабылдау үшін олардың жиып-терген қаржысы жеткіліксіз болып отыр.

Жалғыз перзентін аяққа-тұрғызу үшін қолынан келгеніннің бәрін жасап жатқан Асемовтар отбасы барша жанашыр жандардан көмек қолын созуын сұрауда.

Фото: жеке мұрағаттан
Фото: жеке мұрағаттан: UGC

Ермұхаммедтің еміне қаржылай көмек көрсетем деушілерге:

Kaspi Gold: 5169 4931 5363 3568

ЖСН - Асемов Шалқар әкесі: 8903 0930 1160

Халық банк: 4402 5735 1919 6572

Qiwi әмиян: 8 747 236 7237

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762993-zdiginen-otyryp-tra-almajtyn-balany-ata-anasy-elden-zansyra-kmek-srauda-foto.html