RU

Қызын тоғыз жасқа дейін емізген ана жұртты таңғалдырды (фото)

Солтүстік Йоркширдегі төрт балалы ана Шэрон Спинк қызын тоғыз жасқа дейін емізген. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Mercury Press & Media
Фото: Mercury Press & Media: UGC

Шэрон Спинк қызы Шарлоттаны емізуді тоғыз жасында яғни қызы ана сүтінен өзі бас тартқаннан кейін ғана тоқтатқан.

"Шарлотта дүниеге келген кезде оны күштеп ана сүтінен айырмайын деп шештім. Соңғы кездері оны айына бір рет, өзін жайсыз сезінгенде емізіп жүрдім. Ана сүтін ішпей жүргеніне екі ай болды", - деді Шэрон.
Mercury Press & Media
Фото: Mercury Press & Media: UGC

Әйел адамның айтуынша, ана сүтінің құрамындағы пайдалы заттардың арқасында қызының дені сау және ол өте сирек ауырады. 50 жастағы әйелмен келіспейтіндер көп болса да, ересек жасқа дейін бала емізуге болмайды деген түсінікті жоққа шығармақшы.

"Мен оған енді емізбеймін деген жоқпын. Шарлотта өзі сондай шешімге келді. Емген кезде өзін қауіпсіз және жайлы сезінгенін ұмытпайды деп ойлаймын. Екеуіміз бір-бірімізге өте жақынбыз, бұл емізудің арқасы деп ойлаймын", - дейді ол.

Шэрон Шарлоттаны бес жасқа дейін күніне үш рет емізіп жүріпті. Сол уақытқа дейін әйел адам еш қысылмастан қызын қоғамдық орындарда емізіп жүрген екен. Бірақ қыз өсіп қалғанда, оны тек үйде емізетін болыпты.

Mercury Press & Media
Фото:Mercury Press & Media: UGC
"Мені "қатыгезсің" деп айыптағандар да болды. Басында бұған қатты ренжитін едім кейін мән де бермейтін болдым. Ең бастысы Шарлотта менің қандай екенімді біледі", - дейді Шэрон.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланы алты айға дейін емшек сүтімен тамақтандыру керек дейді. Ал одан кейін қосымша тамақтар беру қажеттігін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763001-kyzyn-togyz-zaska-dejin-emizgen-ana-zrtty-tagaldyrdy-foto.html