RU

Балқашта өз анасын пышақтап тастаған әйел сотталып кетті

Отбасында туындаған кикілжің нетижесінде жас әйел туған анасына бірнеше рет пышақ сұғып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Styler RBC
Көрнекі фото: Styler RBC: UGC

Балқашқа жақын маңдағы Шашубай ауылының 30 жастағы тұрғыны анасымен ұрысып қалған соң оны пышақтап тастайды.

Егде жастағы әйел бел тұсынан алған пышақ жарақаттарымен қансырап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға отбасы мүшелері туыстарының үйіне қонаққа барғанда орын алған.

Ауруханада әйелге үшінші дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған. Ал оның денсаулығына қасақана зақым келтірген қызы қылмыстық іс бойынша тергеуге алынып, кінәсін толық мойындаған.

Балқаш қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп тауып, 3,5 жылға бас бостандығын шектеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763007-balkasta-z-anasyn-pysaktap-tastagan-jel-sottalyp-ketti.html