RU

Белгілі дизайнер жаны қысылғанда көмекке келген Роза Рымбаеваға алғысын айтты

Астанада ота жасатып, алты сағаттан аса уақыт жүрексіз жатқан танымал дизайнер Берік Ысмайылов Роза Рымбаеваға өз алғысын білдірді. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген сәнгер халық әртісінің өзіне білікті маман іздеуге көмектескенін мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева, Ысмайылов. Фото:24smi.org, видеодан кадр
Роза Рымбаева, Ысмайылов. Фото:24smi.org, видеодан кадр: UGC

Өзінің бойындағы дертті сезбеген Берік Ысмайылов шұғыл ауруханаға жеткізілген.

"Жүрегімнің төрт тамырын ауыстырған отаны Астанада жасады. Осы бағдарлама арқылы Роза Рымбаеваға өз алғысымды білдіремін. Өйткені, мен ауыр жағдайға тап болған сәтте, Рымбаева аурухананың бастықтарына хабарласып, отаны сәтті өтуіне өз көмегін тигізді.
Роза аурухана бастықтарына хабарласып "Егер ота жақсы өтсе, менен сүйінші сұраңыздар. Мен жаңа жылда сіздердің ұжымдық кештеріңізде тегін ән айтып кетейін. Ол кісінің өнер адамдарға тигізген көмегі көп" деп айтты.
Сол жағдайдан кейін маған ауруханада басқаша қараған сияқты", - деп сәнгер ағынан жарылды.

Айта кетейік, осыған дейін Берік Ысмайылов арнайы ота арқылы жүрегінің төрт тамырын ауыстырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ сәнгер көпшілікке ауыр отаның орнын да көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763016-belgili-dizajner-zany-kysylganda-kmekke-kelgen-roza-rymbaevaga-algysyn-ajtty.html