RU
"Барселона" 14 жылда алғаш рет өз алаңында төрт гол жіберіп алды
Жаңалықтар Спорт

"Барселона" 14 жылда алғаш рет өз алаңында төрт гол жіберіп алды

Рассказать Вконтакте

Испания чемпионатының 12-ші кезеңінде Барселона өз алаңында "Бетис" футбол клубын қабылдады. "Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 4:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AFP

Фото: AFP

Каталондық клуб өз алаңында 2003 жылдан бері алғаш рет төрт гол жіберіп алды. 14 жыл бұрын "Барселона" Испания чемпионатында "Депортиво" футбол клубына 2:4 есебімен есе жіберген еді.

Бұл жеңіліс каталондық клуб үшін Испания біріншілігінің алты матчындағы алғашқысы болып отыр. Оның алдында қазіргі чемпиондар үш рет жеңіске жетіп, екі рет тең ойнаған еді.

Ал "Барселонадан" айласын асырған "Бетис" төрт ойында алғаш рет жеңіске жеткен.

Матчтан кейін "Барселона" 24 ұпаймен әлі де Ла Лиганың турнирлік кестесінде көш бастап тұрса, "Бетис" 12-ші орынға тұрақтаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel