RU

Күйеуі бар әйелмен кездескен 18 жастағы жігіт өзіне қол жұмсаған

Қырғызстанның Ош облысында 18 жастағы жігіт тұрмыстағы әйелмен кездескеннен кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

dpchas.com.ua
Көрнекі фото: dpchas.com.ua: UGC

Оқиға Араван ауданында 11 тамыздан 12-не қараған түні болған. 18 жастағы Үміт Қочқоровты үйінің ауласынан асулы күйде туысқандары тауып алыпты.

Алғашында туысқандары сот-медициналық сараптама өткізуге қарсы болған, дегенмен бір айдан кейін марқұмның анасы милицияға шағымданып, баласын өзіне қол жұмсауға мәжбүрлегенін хабарлаған. Сонымен бірге, мәйіттің эксгумациясы жасалуын талап етіпті.

11 тамыз күні Үміт 20 жастағы тұрмыстағы келіншекпен кездескен. Әйел адамның бір баласы бар екен, ал күйеуі Ресейге жұмыс істеуге кеткен көрінеді.

Олардың кездескендерін күйеуінің туыстары біліп, Үмітті соққыға жығыпты. Содан кейін жігіт өзіне қол жұмсаған.

Осы ақпарат бойынша полиция Қырғыз республикасының қылмыстық кодексінің "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әзірге ешкімге айып тағылмады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763021-kjeui-bar-jelmen-kezdesken-18-zastagy-zigit-zine-kol-zmsagan.html