RU

Артық салмақтан арылуға көмектесетін сусындар жайлы не білеміз?

Ешқандай күш түсірмей, артық салмақтан арылуды қалайтын бойжеткендерге мамандар күнделікті жеңіл сусындарды қолдануды ұсынды. Ғалымдар осы арқылы дене бітімін мінсіз етуге болатынын мәлім етті деп жазады kanalukraina.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:aiafood.com
Фото:aiafood.com: UGC

Денедегі артық майлардан арылу үшін бес түрлі сусынның бірін пайдалансаңыз жетіп жатыр.

Қарапайым су

Күнделікті қолданыстағы тәтті сусындарды қарапайым сумен ауыстырып көріңіз. Әсіресе оны тамақтануға жарты сағат қалғанда қолдануды әдетке айналдырсаңыз, бір ай көлемінде артық салмақтан арыла бастағаныңызды байқайсыз.

Кофе

Ғалымдар кофе арқылы да арықтауға болатынын айтады. Тек күнделікті қантсыз, сүтсіз кофе ішсеңіз жетіп жатыр.

Матча

Жапондық көк шайдың да пайдасы ұшан-теңіз екен. Жылына бір рет жиналатын бұл шай адам бойына күш-қуат береді.

Зімбір шайы

Ыстық зімбір шайы адам бойындағы аштық сезімін басады. Осы арқылы арулар артық тағамды пайдалануды да шектейді.

Алма сірке суы

Алма сірке суының бір қасығын бір стақан суға араластырып пайдалану да бойжеткендердің мүсінін қалпына келтіруге көмектеседі. Тек арулар оның мөлшерін ұлғайтып немесе қарапайым сірке суымен шатастырып алмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763023-artyk-salmaktan-aryluga-kmektesetin-susyndar-zajly-ne-bilemiz.html