RU

Британдық әйел әпкесінің сәбиін көру үшін 110 келіге арықтап кеткен

Британиялық Максин Вренге дәрігерлер жақын арада өмірмен қош айтысатынын мәлім еткен соң, ол 110 келіге арықтап кеткен деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: UGC

33 жастағы әйел дәрігерге қаралып жүргенде 176 келі болған.

Алайда ақ халаттылар оған асқазанына түскен ауыр салмақ салдарынан бір жылдан артық өмір сүре алмайтынын айтады. Ал ота жасау еш нәтиже бермеуі мүмкін деп қорқытыпты.

Врен әпкесінің жүкті екенін естігенде, оның сәбиін көрмей өмірден өте алмайтынын түсінеді.

Ол бірден арықтауға көмектесетін орталыққа барып, алғашқы аптада бесі келі салмақ тастайды. Осыдан кейін диетаны берік ұстанған Максин Вреннің салмағы үш жыл ішінде 65,5 келіге түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763024-britandyk-jel-pkesini-sbiin-kru-sin-110-kelige-aryktap-ketken.html