RU

"Кешьюден" кетіп қалған Элизат Берікова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото)

Жақында ғана ұзатылған "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікованың енді үлкен тойынан желіде сурттер тарады. Баян Алагөзованың қол астында жұлдызы жанған әншінің жақындары оның үйлену тойынан суреттермен жарыса бөлісуде деп жазады NUR.KZ.

Отау құру үшін өнер әлемімен қош айтысқан арудың үйлену тойы Алматы қаласында өткен. Өзінің қыз жолдасы ретінде бойжеткен бұрынғы топтасы әрі құрбысы Сара Амангелдіні таңдаған.

"Лашын" кейіннен "Кешью" құрамында да Элизатпен бірге өнер көрсеткен Сара той кезінде түсірілген суреттерді өз парақшасына жүктеп қойған. Оған қоса, әнші осы күнге дейін көпшілікке белгісіз болып келген күйеу жігіттің түрін де көрсетіп қойды.

"Той керемет өтуде. Жаным бақытты бол. Әлемдегі ең әдемі қалыңдық сенсің" , - деген жазба қалдырған Сара Амангелді құрбысына.

Айта кетейік, бұған дейін Элизат Берікова ұзатуына Баян Алагөзованы шақырмай қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Элизат Берікова мен Сара Амангелдінің орындауындағы әндерді біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763025-kesuden-ketip-kalgan-elizat-berikova-jlenu-tojyn-drkiretip-tkizdi-foto.html