RU

Кілең ақ Lexus мінген құдаларын ерекше күтіп алған қазақтар таңдай қақтырды (видео)

Тек қана Lexus көлігімен келген жаңа құдаларын ерекше күтіп алған қазақтар жұртты таң қалдырды. Аста-төк құдалықтың видеосы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнежазбада жол талғамайтын қымбат көліктермен келе жатқан жаңа құдаларды байқауға болады.

Автор видео атауына: "Жаңа құдалар. 570 көліктерінің керуені", - деп жазып қойған.

Артынша құдаларды бір топ қазақша киімдегі қыздар бимен күтіп алады.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды.

"Керемет, құдалық мың жылдық болсын", "Құтты болсын", "Әрбір қазағым осындай бай болсын", - деп тілектерін білдірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763028-kile-ak-lexus-mingen-kdalaryn-erekse-ktip-algan-kazaktar-tadaj-kaktyrdy-video.html