RU

Қыздың артынан келген аста-төк дүние жұртты қызықтырып қойды (видео)

Жаңа түскен келіннің артынан келген қыруар дүниені көрген көпшілік таңданысын жасыра алмады. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео елдің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Иса Омар есімді Facebook қолданушысы желіге жүктеген бұл видеоның қай өңірден түсірілгені белгісіз.

Бейнежазбадан оннан астам дүние толған сандықты арқалаған жігіттерді көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

"Бар болса, неге бермеске", "Керемет", "Той құтты болсын", "Бір байдың қызы ұзатылған шығар"
"Сандықтардың ішінде не бар екен", "Құдай-ау не қылған бітпейтін дүние", "Бізге де осындай құдалықты нәсіп етсін", "Қолымда бар болса, балаларыма мен де осылай жасар едім", - деп жарыса жазды оқырмандар.

Айта кетейік, бұл тойдың бір ерекшелігі - құдаларды ақындар мен домбырашылар бастап келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763031-kyzdy-artynan-kelgen-asta-tk-dnie-zrtty-kyzyktyryp-kojdy-video.html