RU

Шымкенттік сәнқойлар Оңтүстік Кореяны ұлттық киіммен тамсандырды

Шымкенттік сәнқойлар Оңтүстік Кореяда өткен "Incheon International Single-media Festival" фестивалінде сыр-сымбатымен көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Ұйымдастырушылар шымкенттік сәнқойлар Ниязбек Айғаным мен Алентаев Нұрсұлтанды арнайы шақыртқан. "Incheon International Single-media Festival" фестивалі Оңтүстік Кореяда тұңғыш рет өткізілуде.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Инчеон қаласында өткен салтанатта әлемнің 22 елінен 36 модель қатысқан. Фестиваль көрсетілімінде шымкенттік сәнқойлар қазақтың ұлттық киімін паш еткен.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Олардың арасында Нұрсұлтан Алентаев, Айғаным Ниязбек (Қазақстан), Фотима Махмадалиева (Тәжікстан), Эвелина Ярош және Алина Абубакирова (Қырғызстан), Ситора Исломова мен Исломбек Гайнутдинов (Өзбекстан) сынды модельдер бар.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Айта кетейік, "Incheon International Single-media Festival" фестиваліне Asia Model Festival Азия сән апталығының қатысушылары қайта шақыртылған. Шымкенттік Айғаным мен Нұрсұлтан бұған дейін де аталған сән апталығына қатысқан болатын.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Әлем подиумдарын бағындырып, талай елдің сәнгерлерін тамсандырған Айғаным Ниязбек пен Нұрсұлтан Алентаев "SULUMODELS" сән агенттігінің модельдері.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Сымбаты мен көркі келіскен қазақ жігіті сән әлемінде 19 жастан бастап еңбек етіп келеді. 15 жасынан бастап модельдік мансабын бастаған Айғаным Ниязбек "Шымкент аруы-2018" титулының иегері.

Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі
Фото: Sulumodels_shym сән агенттігі: UGC

Фото: Kipyat.com
Фото: Kipyat.com: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763035-symkenttik-snkojlar-otstik-koreany-lttyk-kiimmen-tamsandyrdy.html