RU

Францияға келген Трампқа жартылай жалаңаш әйел жармаса кетті (видео)

Париждегі Триумфалды қақпа жанына келіп тоқтаған АҚШ президенті Дональд Трамптың алдынан Femen қозғалысының белсендісі жартылай жалаңаш күйде жүгіріп шыққан деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: UGC

Кеудесін жалаңаштап алған әйел күзетшілердің арасынан жүгіріп шығып, Трамптың көлігіне жармасқан.

Ол президентке "Жасанды бітімгер" деп айқай салыпты.

Осыдан кейін франциялық тәртіп сақшылары әйелді бірден ұстап әкеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763039-franciaga-kelgen-trampka-zartylaj-zalaas-jel-zarmasa-ketti-video.html