RU

Самарқандта алты жасар қыз бала екі айлық бауырын өртеп жіберген

Самарқандтың Каттакурган ауданында 6 жасар қыз екі айлық бауыры жатқан бесікті өртеп жіберген. Күйік алған балалар ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

izvestia.nikolaev.ua
Көрнекі фото:izvestia.nikolaev.ua: UGC

Оқиға 10 қараша күні Самарқанд қаласының Каттакурган ауданында болған.

Үйде ата-ананың қарауынсыз қалған қыз бала сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда екі айлық бауыры жатқан бесікті өртеп жіберіпті.

Өртті балалардың ата-анасы өшірген.

Әртүрлі күйік алған балалар ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763040-samarkandta-alty-zasar-kyz-bala-eki-ajlyk-bauyryn-rtep-zibergen.html