Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақша сөйлемеймін": Ана тілінен бас тартқан отандық вайнер ел ашуына тиді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Zheka Fatbelly лақап атымен танымал вайнер даулы мәселеге тап болды. Ғаламтор кеңістігінде оның "қазақша сөйлемеймін" деп айқай салып жатқан видеосы тарап кетіп, ел арасында қызу талқыға түскен. Аяусыз сынның астында қалған вайнер артынан өз қылығы үшін көпшіліктен кешірім сұрады деп жазады NUR.KZ.

Желіге таралып кеткен бейнежазбада танымал вайнердің өзіне қазақша сөйлеуін талап еткен адамға айқай салғаны көрініс тапты. Көпшілік оның әрекетін ерсі санап, оған жағымсыз пікірлерін жаудырған.

Орын алған оқиғаға қатысты Zheka Fatbelly -дің өзі арнайы видеоүндеу жасап, онда оқиғаның мән-жайын айтып береді.

Оған қоса, вайнер өз қылығы үшін өкінетінін жеткізіп, ел алдында кешірім сұрады.

"Құрметті қазақстандықтар желіде менің қазақ тілі туралы айтқан видеом таралып кетіпті. Сол оқиғаға қатысты тоқталып, бір-екі сөз айтып кетсем. Сіздер ол жерде не және қалай болғанын білмейсіздер. Адамдар өте көп болды. Терридің кафесі ашылып жатты.

Бәрі қысылып жатты, кішкентай балаларды қысып жатқан соң, мен өзім шығып бұл жағдайды шешкім келді.

Әлгі жерде бір жігіт өзін мәдениетсіз ұстап, маған дөрекі сөздер айта айқайлап жатты. Мен сәйкесінше ашулы күйде оған жауап бердім.

Видеоға түсірген адам дәл сол сәтті ғана кесіп алып, желіге таратып жіберген. Нәтижесінде ғаламторда шу басталды. Ол жігіттің қасында мас досы болды. Екеуі де өзін мәдениетсіз ұстап, бейәдеп сөздер айтты.

Әлгі жерде екі тілде де сөйлейтін адамдар болған соң. Орысша да, қазақша да түсіндірмек болғанмын. Сол себепті, достар "өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, мен оқуды қазақша тәмамдаған адаммын. Қазақи отбасыдан шыққанмын, күнделікті өмірде қазақша сөйлеймін. Біреудің көңіліне тиіп кетсем кешірім сұраймын" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763041-kazaksa-sjlemejmin-ana-tilinen-bas-tartkan-otandyk-vajner-el-asuyna-tidi/

pixel