RU
Қасымов о дүниелік болған Денис Тенге не үшін медаль бергенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қасымов о дүниелік болған Денис Тенге не үшін медаль бергенін айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді қайтыс болғаннан кейін "Қоғамдық тәртіпке үлес қосу" медалімен не үшін марапаттағанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ortcom.kz

Фото: ortcom.kz

Министр Денис Теннің не себепті дәл осы медальмен марапатталғанын айтты.

"Бұл мен бере алатын ең жоғарғы марапат. Бұл медалмен оқыс-оқиға кезінде ерлік жасағандарды, өз міндеттерін жақсы орындап, ерлік танытқан қызметкерлерімізді марапаттаймыз", - деп жауап берді Қасымов.

Генерал-полковник Денис Тен көлігінің айналарын ұрламақ болған автоұрылармен айқасқа түсіп, ерлік танытқанын баса айтты.

"Бұл жағдайда Тен қылмыстың орын алуына кедергі келтіріп, ерлік танытты деп ойлаймыз. Сондықтан мен бұйрығыммен оны осы медальмен марапаттадым", - деді ішкі істер министрі.

Қасымов ғаламторда қазақстандықтардың бұл марапатты әртүрлі қабылдағанын айтқан тілшінің сөзіне де жауап қайтарды.

"Қолымнан келетін нәрсе осы ғана", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Айта кетейік, Денис Тенді Алматы қаласының қақ ортасында көлігінің айнасын ұрламақ болған ұрылар пышақтап кеткен болатын. Cпортшы алған жарақатынан сол күні яғни 19 шілдеде жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ал тоғызыншы қарашада министр марқұм Денис Тенді қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel