RU

Португалияда Air Astana ұшағын мұхитқа қондырмақ болған

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бежа әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Алайда ұшақты үшінші талпыныстан кейін ғана жерге қондыру мүмкін болыпты. Ұшқыштар әуе кемесін Атлант мұхитына қондыруды жоспарлаған деп хабарлайды Sputnik-Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

diapazon.kz
Көрнекі фото:diapazon.kz: UGC

Португалдық «Journal de Noticias» басылымы сайтында ұшу кезіндегі аудиожазбаны жариялаған. Онда ұшқыштар әуе кемесін суға қондыру мүмкіндігін талқылапты.

Сонымен қатар, 37 жастағы қазақстандық экипаж мүшесіне және оның әріптесі, 54 жастағы Ұлыбритания азаматына дәрігерлердің көмегі қажет болған. Жолаушылар қатты уайымдаған соң жағдайлары нашарлап кеткен екен.

Бірақ медициналық тексеруден кейін олар ауруханадан шығарылған.

Қазір ұшақ №11 авиабазаға жөндеу жұмыстарына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Air Astana» ұшағы Португалия аспанында дабыл қаққаны туралы хабарлаған едік. Ұшақтың Бежа әуежайына қонған сәті желіде жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763055-portugaliada-air-astana-sagyn-mhitka-kondyrmak-bolgan.html