RU
Сүлейменовтің жанұясы ұлының өліміне күдікті аруды кешірмейтінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Сүлейменовтің жанұясы ұлының өліміне күдікті аруды кешірмейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Жол апатынан қаза болған Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы Сергей Хан мен Ләйлә Сүлейменова баласының өліміне күдікті ретінде сот алдына келген бойжеткенді кешірмейтіндерін мәлім етті. Олар Малика Мұхитованың қатаң жазадан құтылу үшін қылмысын мойындағанын алға тартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © Sputnik / Жания Уранкаева, zakon.kz

Фото: © Sputnik / Жания Уранкаева, zakon.kz

Марқұмның әкесі Сергей Ханның айтуынша, кінәлі тарап жол апаты болған күні бойжеткеннің рұқсат етілген жылдамдықпен жүргенін дәлелдеп, көрсетпеген.

"Видеожазбадан Ескендірдің жол қиылынысының 80%-ын жүріп өткенін көруге болады. Содан соң камерада бойжеткеннің көлігі пайда болған", - деді Ескендірдің әкесі.

Сондай-ақ, Сүлейменовтің күйеу баласы неліктен ұлы жайлы мәліметтердің Франция мен Италиядан алынғанын да түсінбейтінін жеткізді.

Марқұмның әкесінің айтуынша, айыпталушының қорғаушысы журналистердің назарын аудару үшін ғана Ескендірдің Олжас Сүлейменовтің немересі екенін атап өткен.

"Біз кінәлі қыздан өкінішті, көңіл білдіруді, шынайылық пен өз айыбын жуып-шаюға деген ұмтылысты көрмедік. Сотталушының көзінде тек өзі үшін үрей, қатаң жазадан қорқу мен бас бостандығынан айырылудан сескену ғана болды. Жүрегінің түкпірінде заңда қарастырылған жауапкершіліктен жалтаруға деген үміт тұр. Барлық сот отырыстары барысында қорғаушы мен қорғалушы сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында белгілі болған барлық жайға күдік-күмән келтіруге тырысқандықтан, бүгінгі таңда Малика Мұхитоваға мейірімділік танытуды жөн көріп отырған жоқпыз", - деді көз жұмған жігіттің әкесі Сергей Хан.

Сондай-ақ, Сергей бұл шешімнің бойжеткенді жауапкершіліктен құтқармайтынын да атап өтті.

Ал Ескендірдің анасы Ләйлә Сүлейменованың айтуынша, Әділет министрлігінің сот сараптамасы мотоциклдің сағатына 43-тен 88 километрге дейін жүргенін анықтаған.

Алайда адвокат Омбыдан келген бір сарапшының қорытындысы бойынша, Ескендірдің сағатына 116 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтқан.

Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы ұлдарының өліміне кінәлі адамның міндетті түрде өз жазасын алатынына сенімді екендерін жеткізді.

Айта кетейік, осы жылдың жазында Олжас Сүлейменовтің жиен немересі Ескендірдің жол апатынан қаза тапқаны белгілі болды.

Көп ұзамай бұл апатқа Қызылорда облыстық ІІД полиция бастығы Қайрат Мұхитовтың қызы Малика Мұхитованың кінәлі екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel