RU

Кейуананың басына шелек кигізіп, ұрып кеткен бұзақылар жаға ұстатты (видео)

Самарқанд қаласында төрт жігіт кейуананың басына шелек кигізіп, ұрып кеткен. Желіге тараған оқиғаның видеосы көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Қазір бұзақыларды полиция іздестіріп жатыр деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ca-news.org
Фото: ca-news.org: UGC

Оқиға ағымдағы жылдың мамыр айында "Шодиена" сауда үйінде, №46 дүкеннің жанында орын алыпты.

Жігіттер егде әйелдің басына шелек кигізіп, содан кейін басынан жұдырықпен ұрған. Соққы нәтижесінде кейуана жерге құлайды, ал қылықтарына риза болған бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткен.

Алтыншы қараша күні бұзақылардың бірі осы видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

Ал 10 қараша күні жасөспірімдерге қатысты Өзбекстан республикасының қылмыстық кодексінің 227 бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Бүгінгі таңда бұзақылардың екеуі (роликтің авторы және әйел адамды соққан жігіт) ұсталған. Тәртіп сақшылары қалған екі жігітті іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763065-kejuanany-basyna-selek-kigizip-ryp-ketken-bzakylar-zaga-statty-video.html