RU
Биыл жарыққа шыққан түріктің ең танымал сериалдары қандай?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Биыл жарыққа шыққан түріктің ең танымал сериалдары қандай?

Рассказать Вконтакте

Бүгінгі таңда түрік сериалдарын көрмейтін адам кемде-кем шығар. Осы орайда NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасай отырып, киносүйер қауымның назарына күз айында жарыққа шығатын ең қызықты түрік сериалдарының тізімін ұсынады.

Фото:kaktus.media

Фото:kaktus.media
Source: UGC

"Тұңғиық" (Дно) - Сахир мен Білге жайлы сериал

Сахир есімді психиатр жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамдармен жұмыс істейді. Ал Білге - хакер қыз. Білгенің рөлін ("Черная любовь" сериалындағы - Нихан) Неслихан Атагюль ойнайды.

Екі жұмбақ жанның сезімдері қалай өрбитіні жайлы сериал барысында біле аласыздар.

Фото:kaktus.media

Фото:kaktus.media
Source: UGC

Менің қызым (Моя дочка/Дочка)

"Менің қызым" сериалының қазір жеті сериясы ғана жарыққа шыққан. Дей тұрғанмен, кішкентай Ойкюдің тағдыры жайлы кино көпшіліктің көңілінен шығап үлгеріпті.

Фильм желісі бойынша, кішкентай Ойкю өзінің асыранды екенін біледі. Осы оқиғадан соң жеті жастағы қыздың ауыр дертке шалдыққаны анықталады. Ал оның асыранды анасы Ойкюді одан әрі асырай алмайтынын біліп, қыздың қолына туған әкесінің аты-жөні мен мекен-жайы жазылған парақшаны беріп, тастап кетеді.

Фото:kaktus.media

Фото:kaktus.media
Source: UGC

Гүлпері ( Гульпери)

Гүлпері - өзінің үш баласы және жұбайымен бақытты өмір сүріп жатқан келіншек. Алайда олардың шаңырағы ортасына түсіп, келіншектің Ирак шекарасында жүрген күйеуін өлтіріп кетеді.

Ал Гүлперінің ата-енесі үш баланы тартып алады. Балалары үшін таласып жүрген келіншек бір күнде түрмеден бір-ақ шығады.

Фото:kaktus.media

Фото:kaktus.media
Source: UGC

Сен айтшы, Қара теңіз (Ты расскажи, Карадениз)

Бұл сериал бала күнінде еркінен тыс тұрмысқа шыққан Нефес жайлы болмақ.

Нефесті ата-анасы ақша үшін бай ер адамға тұрмысқа берген. Өмірі осылай өтіп жатқанда, Нефес күйеуі үйіне шақырған Тахир есімді қонаққа ғашық болып қалады.

Мұны байқаған жас келіншектің күйеуі оны өлімші етіп сабап тастайды. Ауқатты күйеуінің қорлығынан шаршаған Нефес кішкентай ұлын алып, Тахирдің үйіне қашып келеді.

Фото:kaktus.media

Фото:kaktus.media
Source: UGC

Мені жалғыз қалдырма (Не оставляй меня)

Фильм сюжеті бойынша, Анкараның ең бай адамына тұрмысқа шыққан келіншекті оның құпиясын білетіндер бопсалай бастайды. Әйелдің тұңғыш баласы өзімен еріп келген, яғни бұл күйеуінің ұлы емес.

Ал жігіттің ата-анасы баласы бар келіншекті өз шаңырақтарына қабылдамайды.

Тағдырдың сынағына түскен ғашықтардың өмірі жайлы "Мені жалғыз қалдырма" сериалынан тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, аталмыш сериалдардың түсірілім жұмыстары әлі аяқталмаған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel