RU

Шошқа етінің зияны туралы тоғыз дерек

Мұсылмандар арасында харам ас саналатын доңыз етін діни сенімдер үшін ғана емес, медициналық тұрғыдан да жеу қауіпті болып шықты. Оның түрлі зияны туралы muslim.kz сайты мәлім етті.

Көрнекі фото: FermoVed.ru
Көрнекі фото: FermoVed.ru: UGC

1. Доңыз бен адам етінің құрылымында ұқсастық бар

Ғалымдар пікірінше, доңыз етінің құрылымы, тіпті дәмі де адаммен ұқсас келеді екен. Тіпті батыс елдерінде пайдасын арттыру үшін шұжық жасауға адам етін пайдаланғаны туралы деректер бірнеше рет анықталған. Сол себепті жеп отырған асымыздың қайдан алынғанына аса мән беру маңызды.

2. Скрофулез ауруын туғызады

Балалар арасында жиі кездесетін скорфулез ауруы да осы жануар етін пайдаланғаннан болады екен. Бұл дертке шалдыққан науқастың мойнына, денесіне қабыну салдарынан без шығып кетеді.

3. Қатерлі ісікке алып келуі мүмкін

Доңыз еті адам ағзасындағы гормондардың тез өсуіне ықпал етіп, қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Германиялық ғалымдар айықпас дертке душар болған егде жастағы адамдардың өмір салтын зерттей келе, олардың доңыз етін жиі пайдаланғанын анықтаған.

4. Тері жәре жүрек ауруларына душар етеді

Доңыз етін жиі пайдалану өт жолдарын толтырып, түрлі тері ауруларының пайда болуына әкеліп соғады. Ғалымдар харам азық салдарынан миокард инфарктісіне жеткен науқастарды да анықтапты. Ал жүрегі бұрыннан мазалайтын адамдар еттің бұл түрінен бас тартқаны абзал.

5. Тұмау таратады

Мамандардың айтуынша, доңыздың өкпесі мен оның етінен дайындалған өнімдерде тұмау жұқтырғыш вирустар көптеп кездеседі. Нәтижесінде оны жиі пайдаланатын елдерде түрлі эпидемиялар тарап, халықтың жұқпалы дерттен жаппай зардап шеккен оқиғалары жиі байқалған.

6. Семіздіктің сергелдеңі

Майлылығы өте жоғары еттің семіздікке душар ететінін айтпай-ақ түсінікті. Онымен салыстырғанда қой немесе сиыр еттері өте жеңіл саналады екен.

7. Жағымсыз иіс шығарады

Доңыздың зәр шығару жүйесіндегі өзгешеліктен, ол сыртқа толық шықпай, ағзасында қалып қойғаны етіне сіңіп кетеді. Нәтижесінде оны жеген адамның денесінен жағымсыз иіс сезөіледі.

8. У ішкенмен тең

Доңыз етін жиі пайдаланбай, аз мөлшерде ғана қолданудың өзі ағзаға у ішкенмен тең әсер етеді.

9. Құмарлық

Доңыз етінің қаншама қаупі анықталса да, кей адамдарда ол алкогольдік ішімдік пен есірткі сияқты құмарлық туғызады. Оны сүйіп жейтіндер денсаулығына келетін зиянға мән бермейді дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763069-soska-etini-ziany-turaly-togyz-derek.html