Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш жыл жүрдік": Жұлдыз Өмірғали Айқынның алдына жылап келгенін ашық айтты

Опубликовано:

КешYou тобының экс-мүшесі Жұлдыз Өмірғали әнші Айқынмен кездесіп жүргенде оның жұбайы бар екенін білмегенін айтты. Бүгінде бір баланың анасы атанған ару бұл туралы "Қалаулым" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn, kalaulymshow
Фото: Instagram/aikyn, kalaulymshow: UGC

Эстраданың жарық жұлдызымен көңіл қосқан Жұлдыз алғаш рет өз махаббат хикаясын ашық айтты.

Ол алғашында сахна серісінің жұбайы бар екенін білмегенін жеткізді.

"Ұзатылған уақытта ғана екеуі қосылды, сол уақыттан бастап жүріп жатыр деп ойлап қалды жұрт. Бірақ, шынына келетін болсақ, біздің жүргенімізге үш жылдан асты. Бастапқыда мен оның жұбайы бар екенін білген жоқпын. Жарты жыл уақыт өткеннен кейін оның әйелімен түскен клипі шықты",- деді Жұлдыз.

Сондай-ақ, әнші өз тарапына айтылған елдің сөзі көңіліне қатты тиетінін, олардың "отбасын бұздың", "көз жасына қаласың" деп қарғайтынын жасырмады.

"Жарты жылдан соң біз бір айдай сөйлеспей кеттік. Сосын ол маған келіп, "мен сені таңдаймын", "мен сенімен боламын" деп жылап айтты. Айқын маған "ешкімге айтпай-ақ қойшы. Ешкім білмей-ақ қойсын, кейін уақыты келгенде өзім айтамын",- деді. Сол уақыттан бері Айқынның айтқан сөзін тыңдап, үндеме десе, үндемеймін, сөйле десе, сөйлеймін. Әлі де солай келе жатырмын", - деді ол.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763076-s-zyl-zrdik-zldyz-mirgali-ajkynny-aldyna-zylap-kelgenin-asyk-ajtty/

pixel