RU

Атырауда ТКШ-ны дамыту бойынша өңірлік конференция өтті

Атырауда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту бойынша өңірлік конференция өтті.

Алматыда ТКШ-ны дамыту бойынша өңірлік конференция өтті

Конференция барысында ҚР ИДМ Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгертулер енгізу туралы ақпарат берді.

«Заң жобасында тұрғын үй ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуге қаражат тарту тетіктерін реттейтін коммерциялық емес ұйым нысанында әрбір көппәтерлі тұрғын үйлерде меншік иелері бірлестігін (МИБ) құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеу, пайдалану шығындарының аз мөлшерін белгілеу, жергілікті атқару органдарына қосымша өкілеттік беру және т.б. тұжырымдамалық өзгерістер қарастырылған. Қазіргі уақытта бұл түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінде қарастырылуда», - деді Марғұлан Әбдікәрімов.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарушы директоры - инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін және МЖӘ дамыту әдіснамасы департаментінің директоры Мадина Мурсакина ТКШ-ны цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Заң жобасы тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін бірыңғай ақпараттық жүйені құруды көздейді. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық субъектілері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, пайдалануды қамтамасыз етеді және сектордың барлық қатысушыларына бизнес-процестердің айқындылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде іске асырылуда», - деді Мадина Мурсакина.

Облыстардың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) күрделі жөндеуден өткізу жүргізіп жатқаны туралы хабарлады. Атырау ПИК қалалық қауымдастығының төрағасы Нұрбике Салихова КПТҮ басқарудағы қиындықтары мен келешегі туралы, ал «Smart-EX» ЖШС өкілі Руслан Жукенов - тұрғын үй қорын төлқұжаттау туралы айтып берді.

Конференцияға сондай-ақ әкімдіктер, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық кәсіпорындар, басқару органдыры мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763083-atyrauda-tks-ny-damytu-bojynsa-irlik-konferencia-tti.html