RU

Елімізде екі әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды

Еліміздегі транспорттық компаниядардың жолаушылар қауіпсіздігі бойынша талаптарға сәйкестігін анықтау үшін тексеру жүргізілген. Нәтижесінде кей әуе компанияларының тиісті ережелерді сақтамағаны анықталды деп хабарлайды Транспорттық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mosmonitor.ru
Көрнекі фото: mosmonitor.ru: UGC

Ведомство прокуратураның тоғыз айлық жұмысын саралап, қорытынды шығарды. Жыл басынан бері транспорттық компаниялар тарапынан екі мыңнан астам ереже бұзу оқиғасы тіркелген.

Осыған қатысты 757 адам жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, 300-ден астам қазақстандық азамат жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларға шағым түсірген.

Тексеруден кейін ереже бұзғандар жалпы сомасы 1,1 миллард теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Қауіпсіздік бойынша екі әуе компаниясы, 17 ұшақ, жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқан 139 автокөлік иесі және транспорттық құралын қайта жабдықтандырып алған 94 автобус иесі тексерістен өтпей қалды.

Транспорттық прокуратура 970 күдікті қатысқан 828 қылмыстық істі соттың қарауына жіберген.

Оның ішінде 63 айыпталушы бас бостандығынан айырылып, 219 адам 224,7 миллион теңге айыппұл төлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763084-elimizde-eki-ue-kompaniasyny-zmysy-uakytsa-toktatyldy.html