RU

"Астана" қақпашысы Михаил Голубничий шаңырақ көтерді

"Астана" және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қақпашысы Михаил Голубничий өткен демалыс күндері шаңырақ көтерді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Михаил Голубничий. Фото: okzhetpes.kz
Михаил Голубничий. Фото: okzhetpes.kz: UGC

Спортшының үйлену тойы туған жері Павлодарда өткен. Ол өзінің жерлесі - Мулика Абылғазинаны жар етті.

23 жастағы Голубничий 2015 жылы "Астана" футбол командасында қақпашы болып жүріп елге жақсы танылды.

Сол уақытта алты ойын ойнап, бар болғаны төрт допты жіберіп алған. Оған қоса спортшы "Ертіс", "Бәйтерек" және павлодарлық "Қызыл-Жар СҚ" командаларында да ойнады.

Соңғы уақытта көкшетаулық "Оқжетпес" құрамында бой көрсетіп, жастар құрамасы атынан екі матчқа қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763099-astana-kakpasysy-mihail-golubnicij-sayrak-kterdi.html