RU
Тергеуші Томирис Байсафаның анасынан тағы да жауап алды
Жаңалықтар Қоғам

Тергеуші Томирис Байсафаның анасынан тағы да жауап алды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Сауал Ресейдегі Қазақстан елшілігінің жіті бақылауында тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/ahmetova_zhanna Коллаж: NUR.KZ

Фото: instagram.com/ahmetova_zhanna Коллаж: NUR.KZ

"Бұл қайғылы оқиғаға қатысты сауал біздің Ресейдегі елшілігіміздің жіті бақылауында. Өздеріңізге белгілі болғандай тергеуші алмасты. Ол кейбір мәліметтерді толықтырып, тергеу шараларын қайта жүргізіп жатыр" , - деді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Оған қоса, тергеуші Томирис Байсафаның анасын да шақыртқан.

"Томиристің анасы мен оқиғаның бірнеше куәгерінен жауап алынды" , - деп қоса кетті Смадияров.

Айта кетейік, Томирис Байсафа 13 сәуір күні Мәскеудегі университеттің төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Марқұм қыздың жақындары оны біреу итеріп жіберген деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel